Yessenov University-ге  Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасын» талқылауда «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек  Жұмашев іс-сапармен келді. Қоғамдық кеңес мүшесі Yessenov University-ді «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» үшінші бастамасы бойынша университтетте атқарылып жатырған жұмыстармен танысты. Білім ордасында өткен жиында университет ректоры Берік Бахытжанұлы Ахметов оқу орнының жетістіктері мен жоспарлары жөнінде айтты. Келген қонаққа университет мұражайы, тіркеу бөлімі, теңіз академиясы және экологиялық таза университет электромобильдері көрсетілді. Қазіргі таңда  Yessenov University-де 3500-ден аса студент қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім алады. Оқу орнында тәлім беретін мұғалімдер саны 700. Университетте 1082 адамға арналған 3 жатақхана бар. 2019-2020 жылдарға арналған жоспар бойынша Ақтау қаласының 32- шағын ауданында 2 бес қабатты 10 000 шаршы метрлік  1000 студентке арналған жатақхана құрылысы жоспарланған. Қазіргі кезде құрылыстың сметалық құжаттары мен бөлінген жер телімдері дайын.