November 5, 2018

Day

8 қараша күні сағат 16:00-де Yessenov University бас ғимаратының Мәжіліс залында #PublicTalk жобасы аясында, «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы Маңғыстау облысы бойынша өңірлік директоры м.а., жеке кәсіпкер, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі, Ұлыбритания, Brunel University London түлегі Байкен Медет Берікұлымен кездесу болады. Студенттерді және оқытушыларды белсенділік танытып, аталған кездесуге қатысуға шақырамыз!
Read More
8-қараша күні Халықаралық  72 сағаттық мейкатон “TOM: Aktau” Yessenov University-де бастау алады. Мейкатон-бұл 72 сағат ішінде шеберлер (мейкерлер деп аталатын) мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін жеңілдететін құрылғылардың прототиптерін жасайтын алаң. Алдын ала, мейкерлер командалары өздері жүзеге асыратын жобаларды анықтайды. Мейкатонның өзінде олар техникалық алаңға, сараптауға және мүмкіндігі шектеулі адамдардан кері байланысқа қол жеткізеді.  
Read More
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «МЕНІҢ ЕЛІМ» тарихи өлкетанымдық жобасы бойынша «Еділ-Жайық-Каспий» сапарының қатысушылары Yessenov University –мен танысуға келген болатын. Келген қонақтарға университетіміздің ішінде кампус тур ұйымдастырылды. Экскурсия соңында келген қонақтар естелікке суретке түсті.
Read More
«Yessenov – жасыл кампус» акциясы аясында 10 қараша күні сағат 10:00-де  «Ақтау қаласының 55 жылдығына»  орай  «Өз ағашыңды отырғыз» шарасы өтеді. Шара барысында университет кампусының аумағында 55 түп жеміс ағашы отырғызылатын болады. Студенттерді және оқытушыларды белсенділік танытып, аталған шараға қатысуға шақырамыз!    
Read More