«Құқықтану» кафедрасының ұйымдастыруымен «ЖИТС-тың алдын алу мәселелері» тақырыбында «Құқықтану» мамандығы студенттеріне тренинг өткізілді. Кездесуге «Маңғыстау облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» медициналық мекемесінің бөлім меңгерушісі А.Ч.Кемазанова, эпидемолог дәрігерлері Ф.А.Омарова, медбике А.Ж.Жумабекова, «Маңғыстау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» медициналық мекемесінің маманы Б.А.Аяпова қатысты. Мамандар тегін және жасырын экспресс-тесттен өткісі келетіндер үшін арнайы мобильді зертхана ұйымдастырып, ақпараттық-танымдық мағлұматтар таратып АИТВ/ЖИТС-тен қорғану, берілу жолдары және оның алдын алу қажеттілігін түсіндірді.