14 желтоқсан күні Yessenov University-де жастар арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік, адалдық, парасаттылық мәдениетін қалыптастыру мақсатында, және де жастарды жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу мақсатында «Жемқорлықсыз қоғам» атты форум өтті.
Форумға «Маңғыстау адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Д.М.Үсіпбаев, «Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Маңғыстау облысы бойынша филиалының басшысы А.Б.Жақсыбаев, Yessenov University сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің басшысы Г.У.Джолдасбаева, «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі Б.Т.Ауешова, «Саналы ұрпақ» студенттік клубының жетекшісі Г.Қ.Ізтұрғанова, “Union” студенттік кеңесінің төрағасы С.М.Баисбеков және университет волонтерлері қатысып, қазіргі таңда қоғамда орын алып жатырған жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу жұмыстары жөнінде айтып өтті.
Форум соңында шараға қатысушылар білім алушыларға ақыл-кеңестерін айтып,
сәттілік тіледі.