17 мамыр күні Инжиниринг факультетінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, саяси өмір туралы ақпараттандырылған тұлғаны қалыптастыру, Отанға адал қызмет етуге тәрбиелеу мақсатында «Жемқорлыққа жол жоқ!» онлайн шара өткізілді.
Іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Мырзағали Қуаныш Бүркітұлы, “Машина жасау” кафедрасының меңгерушісі Булекбаева Гүлмира Жайбергенқызы, сондай-ақ студенттер мен оқытушылар қатысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жастарға білім беру және тәрбиелеу мәселелері талқыланды. Кездесу барысында студенттер түсірген бейнеролик көрсетілді. Қатысушылар пікір алмасты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасады.