ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ӘР АЗАМАТТЫҢ МІНДЕТІ

25 ақпан күні Yessenov University бас корпусының Атриум залында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Мырзағали Қуаныш Бүркітұлымен кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Қуаныш Бүркітұлы студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің заңнамалық дамуына байланысты көптеген сұрақтарына жауап берді.

Іс-шара соңында қонақ өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, студенттерге оқуда сәттілік тіледі!