«ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ 

Оқуды аяқтағаннан кейін студенттерге жұмыстың жылдам табыла қоймайтыны анық. Сондықтан мемлекет тарапынан көмек ретінде жастардың жұмысқа орналасу тиімділігін арттыру мақсатында «Жастар практикасы» бағдарламасы жұмыс істейді.

 

YU Мансап офисінің ұйымдастыруымен университет түлектері мен студенттерінің жұмысқа орналасуына көмек көрсету мақсатында 29 наурызда «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында студенттерге ақпараттық-түсіндірме іс-шарасы өткізілді.

 

Жастар практикасының мақсаты – университет пен колледж бітірген жастарды мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға көмектесу, жұмыс істеуге бейімдеу.  Бағдарлама түлектердің тұрақты жұмысқа орналасқанға дейінгі аралықта оқыған блім беру бағдарламасына сәйкес тәжірибе жинауы үшін мол мүмкіндік береді.