Жастар ел тірегі

19 ақпан күні Yessenov University-де “Жастар – ел тірегі” атты патриоттық шара өтті.

Кездесуге Маңғыстау облыстық мəслихат депутаттары Аят Сүгірбай мен “Ауыл” ХДПП мүшесі, мәслихат депутаты Айгүл Зинелгабинқызы Ескалиева, “Ауыл” ХДПП Ақтау қалалық филиалының төрағасы Самат Набиев жəне ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті жанындағы ақпараттық ағарту штабының жетекшісі, ақын, журналист А.Қонарбаев пен университет білім алушылары қатысты.

Аталмыш патриоттық шарада депутаттар бүгінгі еліміздегі жастар тəрбиесі, ұлт жəне тіл мəселелері, отбасылық құндылықтар жайында жан – жақты əңгіме өрбітті.

Жиында сондай ақ Маңғыстау облысының “Ақ жол” жастар қанатының жетекшісі, маслихат депутаты Гүлмайса Қонаққызы Шанбаева да сөз алып Алаш арыстары жайында ойларын ортаға салып, олардың ұстанымдарымен жастарға бөлісті.