Жамбыл Айменовке «Құрметті профессор» атағы табысталды

18 қыркүйек күні Yessenov University-де техника ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Талхаұлы Айменовке «Құрметті профессор» атағы табысталды!

Салтанатты рәсімде университет басшылығы құттықтау сөз сөйлеп, профессордың өмір жолы мен ғылыми жетістіктерін ерекше атап өтті.
Студенттер мен әріптестер жылы лебіздерін білдіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Yessenov University ұжымы үшін бұл – үлкен мәртебе және болашақ ғалымдар мен инженерлер үшін үлкен мотивация.

Профессор Жамбыл Талхаұлына мықты денсаулық, шығармашылық табыс, жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз!