Жалпыұлттық аза тұту күні

Абай облысындағы орман өртінен қаза болған құрбандардың қаралы хабары қалың елдің қабырғасын қайыстырып отыр.
 
Осындай ауыр күнде әкесінен, ұлынан, бауырынан, отағасынан айырылған жандарға, марқұмдардың жақын-жуықтарына қайғырып көңіл айтамыз. Бекем болыңыздар.
Жалпыұлттық көлемде аза тұтып жатқан ел-жұртымыздың дұға-тілектерінің бақилық болған батырларымызға шарапаты тигей!
Тілсіз жаумен күресіп, орманды қорғау – отанды қорғаудан кем емес ерлік. Сын сағатында қауіп-қатерге қарамай, қаһармандық көрсеткен азаматтарымыздың рухы алдында басымызды иеміз.
Қазаның артының қайырын тілейміз. Мұндай қайғылы жағдай енді қайталанбағай.
 
Yessenov University президенті Берік Ахметов