YU Президентінің белсенді жастармен кездесуі

21 ақпан күні Yessenov University Президенті Берік Бақытжанұлы Ахметов “UNION” Жоғары студенттік кеңесінің белсенді жастарымен кездесті.

Кездесу барысында студенттер өз ойлары мен ұсыныстарын жеткізді, болашақта оларды жүзеге асыру бағыттары талқыланды.

YU студенттері білім алумен қатар, университеттің барлық іс-шараларына қатысып, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласады.

Кездесуде “UNION” Жоғары студенттік кеңесінің Президенті Санжар Баисбеков университетте алдағы уақытта көптеген тың идеяларды жүзеге асыруға, сонымен қатар жатақхана мәселесі, заманауи кітапхана жүйесі, түрлі деңгейдегі ауқамды шараларды өткізу бойынша ұсыныстарын жеткізді.