26 қыркүйек күні Yessenov University президенті Ахметов Берік Бақытжанұлы университет білім алушыларымен кездесті.
Берік Бақытжанұлы университет қызметінің негізгі құндылықтарының бірі — ашықтық екенін атап өтті. Сондай-ақ, студенттермен әрдайым байланыста болатынын айтып, университетте жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесі – студенттердің өзімен бағаланатындығын сөз етті.
Еркін форматта ұйымдастырылған басқосуда студенттер тарапынан ұтымды ой-пікірлер мен көптеген ұсыныстар айтылды. Олардың қатарында студенттік ұйымдардың жұмысын жетілдіру, университетте қызықты да әсерлі студенттік өмірді қалыптастыру сынды мәселелер талқыланды. Жиынды университет президенті Берік Ахметовтің өзі қорытындылап, осындай басқосулардың тұрақты өткізіліп отыратынын және бұл барлық тарап үшін пайдалы болатынын жеткізді.