15 сәуір күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2024 жылғы 11 сәуірдегі № 416 және № 417 «Философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы» бұйрығына сәйкес 8D07210 – Мұнай-газ ісі білім беру бағдарламасы бойынша Бекбаева Раушан Аскаровнаға және Кунаева Гаухар Ермековнаға философия докторы (PhD) дәрежесі тағайындалды!
Жас ғалымдарды құттықтай отырып, оларға ғылыми салада табысты еңбек, зерттеушілік ізденіс, шығармашылық шабыт тілейміз!
«Инжиниринг» факультетінің «Мұнайхимиялық инжиниринг» кафедрасының ұжымын ғылыми әлеуеттілікті қалыптастырудағы ерен еңбектері үшін алғыс білдіреміз!