Yessenov University Теңіз академиясының ПОҚ “Көліктегі қауіпсіздік және цифрландыру жөніндегі V Еуразиялық форумға” қатысуы

Yessenov University 4 қазан 2024 жылы Алматы қаласында ALT University “Көліктегі қауіпсіздік және цифрландыру жөніндегі V Еуразиялық форумға” қатысты.
Форумды өткізудің негізгі міндеті қауіпсіз қозғалыс және цифрландыру, көлік процесіне қатысушылардың және үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, мүлкіне зиян келтіру жағдайларын болдырмау үшін тасымалдау процесінің операцияларын орындау кезінде ескерту шараларын әзірлеу жөніндегі маңызды мәселелерді талқылау болып табылады.
Форум барысында панельдік сессиялардың жұмысы өтті:
• Теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
• Теміржол саласын цифрлық трансформациялау;
• Автомобиль-жол кешеніндегі цифрландыру мен қауіпсіздіктің өзекті мәселелері;
• Әуе көлігін дамытудың өзекті мәселелері;
• Су көлігіндегі инновациялық технологиялар және қауіпсіздік;
• Көлік-логистика және коммуникация саласы үшін кадрлар даярлауды жетілдіру.

Yessenov University “Су көлігіндегі инновациялық технологиялар және қауіпсіздік” сессиясын ұсынды. Су көлігі бүкіл әлем бойынша тауарлар мен жолаушыларды тасымалдауды қамтамасыз ететін әлемдік экономика мен логистикада маңызды рөл атқарады.
Тасымалдау көлемінің өсуіне және қауіпсіздік талаптарының артуына байланысты инновациялық технологияларды енгізу кемелердің пайдалану сипаттамаларын жақсартудың және судағы қауіпсіздікті арттырудың негізгі аспектісіне айналуда. Осы іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз!