Yessenov University докторанты философия докторы дәрежесін алды

ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК 18 маусымдағы № 527 «Философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы» бұйрығына сәйкес докторант Баймукашева Шынар Хабибуллиевна 8D05201 (6D060800) – Экология білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алды.

Баймукашева Шынар Хабибуллиевна Yessenov University жанындағы «8D087 – Қоршаған ортаны қорғау технологиясы» дайындық бағыты, 8D05201 (6D060800) – Экология білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесінде 2024 жылдың 11 наурыз күні «Жаңаөзен қаласының коммуналдық-тұрмыстық сарқынды суларынан улы ингредиенттерді жоюдың биологиялық процестерін зерттеу және оңтайландыру» тақырыбындағы диссертациясын қорғаған болатын.

Шынар Хабибуллиевнаға отандық ғылым саласын дамытуда жоғарғы деңгейден көріне берулеріне тілектеспіз, шығармашылық табыстар тілейміз!