2024 жылдың 31-қаңтарында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қоғамға қызмет ету» орталығымен бірлесіп, Үздіксіз білім беру институтында үшінші жастағы университеттің ресми ашылуы өтті.
«Күміс университеті» – бұл егде жастағы адамдарға қазіргі заманғы нарыққа сәйкес келетін екінші мамандықты алуға, белсенді және қызықты өмірді ұйымдастыруға көмектесетін халықаралық қозғалыс. Қазақстанда бұл бағдарлама білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша өмір бойы оқыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жұмыс істейді. Халықаралық жобаның қызметі зейнеткерлер мен егде жастағы адамдарға өмірдің жаңа мәнін табуға, өзін-өзі көрсетуге және өзін-өзі жүзеге асыруға, өмірлік белсенділікті ұзартуға және қарым-қатынас шеңберін кеңейтуге, жаңа білім мен дағдыларды алуға, өзіне деген сенімділікті арттыруға көмектеседі.
Университеттің мақсаты – қарт және/немесе зейнеткерлік жастағы адамдардың кәсіби және белсенді ұзақ өмір сүруі, өмір сүру сапасы мен әлеуметтік белсенділігін арттыру үшін жағдайлар мен мүмкіндіктер жасау. Күміс университетінің ашылу салтанатына күміс жастағы 20-дан астам азамат қатысты. Ашылу сөзімен іс-шараны академиялық жұмыс жөніндегі Вице-президент К.К.Макулов ашты. «Ш.Есенова атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті» КЕАҚ мен Маңғыстау облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. «Қаржылық және құқықтық сауаттылық» курсының тренері Б.Т.Әуешова Күміс университеттің оң нәтижелері туралы айтып өтті, үшінші жастағы университет қатысушылары атынан Нина Семеновна Красюкова сөз сөйлеп, университет басшылығына өз алғыстарын білдірді.
Есенов университетінің қызметі талғампаз жастағы адамдарға жаңа білім алу үшін курстар ұйымдастыруға, заманауи қоғамда мүмкіндіктерді ашуға және өзін-өзі жүзеге асыруға бағытталатын болады.
Бірінші қадам ретінде «Компьютерлік сауаттылық», «Қаржылық және құқықтық сауаттылық» курстары және тілдік курстар іске қосылады.
Күміс университетінің тыңдаушылары оқу жылының соңына дейін сабаққа қатысады. Толық курсты аяқтағаннан кейін барлық білім алушылар сертификаттар табысталады.
Осылайша, аға буын азаматтарының өмір сүру сапасын арттыру үшін ауқымды жұмыс жүргізілетін болады.