Yessenov University үздіксіз біліктілікті арттыру институтында «Күміс университетінің» алғашқы бітіру салтанаты өтті

29.05.2024ж. Yessenov University  үздіксіз біліктілікті арттыру институтының «Күміс университеті» түлектеріне салтанатты түрде сертификаттар табыс етілді.

Оқыту 7 ақпанда модульдік жүйе бойынша басталды, оның ішінде: экскурсиялық шеберлік, Маңғыстаудың тарихи және мәдени көрікті жерлерін түсіну, компьютерлік сауаттылық және ағылшын тілі.

 

 

Экскурсия жетекшілерін дайындауға арналған интеграцияланған туризм курсының әрбір қатысушысы үшін жеке сертификаттарды Президент – Yessenov University ректоры Ахметов Берік Бақытжанұлы табыс етті. Маңғыстау облысының туризм басқармасы Туризм индустриясы басқармасының бас маманы Жайылханов Абылайхан Нұрадинұлы құттықтау сөз сөйледі. 83 жастағы зейнеткер Туркменбай Кокимбаев пен 65 жастағы Галина Александровна Гусейнова тыңдармандар атынан алғыстарын білдірді. Талғампаз заманның өкілдері оқуларын сәтті аяқтап, лайықты демалу кезінде тағы да  партаға отырып, ІТ-технологиялар бойынша білім алып, компьютерлік сауаттылық пен мессенджерлермен жұмыс істеуді, ағылшын тілін, Маңғыстаудың киелі жерлері мен этнографиясын меңгергендерін айтты.

         Жоғары білікті өз ісінің шеберлері киелі жерлер – Шақпақата, Сұлтан Упаға далалық экскурсия жасап, гид ретінде қорымдардағы көне символдық белгілерді сипаттау, Маңғыстау жерасты мешіттерін көрсету, ғұламалар туралы әңгімелер, Маңғыстауды мекендеген тайпалар туралы ақпаратпен қалай жұмыс жасау керек екенін іс жүзінде көрсетті.

         Экскурсияның мақсаты – Маңғыстау өңірінің киелі жерлері мен табиғаты сұлу жерлерінде туризмді дамыту және насихаттау.

         Қазіргі таңда Маңғыстау облысының туризм басқармасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, алдағы уақытта Күміс университеті меморандум аясында іскерлік қарым-қатынасты жалғастыруды жоспарлап отыр.