Yessenov Startup Marathon

Каспий кәсіпкерлік орталығының ұйымдастыруымен «Кәсіпкерлік» пәнін өтіп жатқан студенттер арасында бизнес жобалар марафоны жарияланды.

Студенттер марафонға командамен қатыса алады.

Марафонға қатысу шарттары және кезеңдері:

  1. Марафон ережесімен толық танысыңыз;
  2. 20 қарашаға дейін командамен онлайн тіркеуден өтіңіз; https://forms.gle/VrbBux5k7VnR9HqeA
  3. 30 қарашаға дейін бизнес жобаңызға 1-3 минуттық видео дайындап инстаграмға жүктеңіз:

– Топ атауы:

– Жоба авторлары:

– Жоба менторы:

#yessenovstartup2020 хештегін,

– @yu_startup,

– @yessenovuniversity парақшаларына тіркелуді және белгілеуді ұмытпаңыз;

– аккаунт марафон аяқталғанша ашық болуы қажет.

  1. 2020 жыл 30 қарашаға дейін – және жоба бизнес жоспарын ментормен бірге ретінде startup@yu.edu.kz поштасына жіберу;
  2. 2020 жыл 7 желтоқсанға дейін жобаларға пікірлер арқылы дауыс беру;
  3. 2020 жыл 14 желтоқсанға дейін жобаларды іріктеу, жеңімпаздарды жариялау.

 

Марафонға қатысушы командаларға «Бизнес және құқық» факультеті оқытушылары ментор ретінде қолдау көрсетеді.

 

Марафон қатысушысы жобаларына баға беру критерийлері:

  • Идеяның жаңашылдығы және бәсекелестіктік артықшылығының болуы;
  • Әлеуметтік, экологиялық маңыздылығы;
  • Күтілетін нәтижелер: ақталу мерзімі, табыстылығы және т.б.;
  • Канвас бизнес моделін құру;
  • Бизнес жоспарының болуы;
  • Әлеуметтік желіде пікірлер саны;
  • Топтық жұмыстың көрінуі.

Жеңімпаздар арнайы номинациялармен, сертификаттармен және сыйлықтармен марапатталады!

Марафон туралы толық ақпарат @yu_startup парақшасынан біле аласыздар!