Yessenov Forum: жаңа мағыналар

Share on social networks

2 желтоқсан күні Yessenov University 45 жылдық мерейтойына орай Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың, Каспий маңы мемлекеттерінің ЖОО және ғылыми-зерттеу орталықтары қауымдастығының атқарушы директоры Юрий Пименовтың, ҚР ЖОО Қауымдастығының Президенті Рахман Алшановтың, Қазақ мұнай және газ институтының Басқарушы директоры Жақсыбек Құлекеевтың, Алматы Менеджмент Университетінің Президенті Асылбек Қожахметовтың, Еуразиялық халықты басқару орталығының бас директоры, әлеуметтік-еңбек қатынастары және стратегиялық коммуникациялар саласындағы сарапшы Ербол Исмаиловтың, тревел-блогер, экобелсенді, азаматтық журналист Яков Федоровтың қатысуымен әр сала бойынша өзгерістердің басты көшбасшыларын біріктірген екі күнге созылатын «Жаңа мағыналар» Yessenov Forum-ның ашылу салтанаты өтті.

Университеттің алдағы 5 жылдық даму перспективаларын айқындайтын маңызды шараға, сондай-ақ, ҚР ЖОО ректорлары, Каспий мемлекеттері қауымдастығының ректорлары, салалар бойынша пікір көшбасшылары,  стейкхолдерлер, жоғары білім сарапшылары, Маңғыстау аймағының білім беру ұйымдары мен студенттер қатысты.

 «Жаңа мағыналар» атты Yessenov Forum-да университеттің өткені мен бүгінін баяндайтын бейнеролик көрсетіліп,мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың видеоқұттықтауы көрсетілді. Одан соң, облыс әкімі Н. Ноғаев және келген спикерлер құттықтау сөз сөйледі.