«Yessenov Fest» фестивалі аясында Public talk өтті

13-14 сәуір күндері өткен Астана қаласының 20 – жылдығына, Ақтау қаласының 55 – жылдығына және Университет күніне арналған дәстүрлі «Yessenov Fest» студенттік фестивалі аясында «Синергия» университетінің Қазақстандағы өкілділігінің бас директоры, «Алтын жүрек» сыйлығының номинанты, бизнесмен, белгілі меценат, спикер Бауржан Қасымбергебаевтың қатысуымен «Мақсаттарға жету технологиясы» тақырыбында Public talk өтті.

Шара барысында спикер студент жастарға өзінің өмірлік және бизнестегі тәжірибесімен бөлісе отырып, мақсаттарға жету жолдарын үйретті. Сонымен қатар әртүрлі бизнес-тренингтер өткізді.