X Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті

28-30 наурыз аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстанның барлық  жоғарғы оқу орындарынан 26 топ қатысқан  X Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының II–кезеңі өтті.

Yessenov University атынан жоғары білімі мен біліктілігін көрсетіп, «Үздік жоба» номинациясы бойынша «Экология» мамандығының 2 және 3 курс студенттері Ұлықпанова Мадина, Наурызова Нарқыз және Сарсенбаева Анеля 3 – орынға ие болды.