17 қаңтар күні Yessenov University Теңіз Академиясында мамандықтарының білім беру бағдарламаларын талқылау мен талдауға арналған дөңгелек үстел өтті.
Теңіз Академиясының түлегінің мүмкін модельдері, білім беру бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері және оқу нәтижелеріне қол жеткізу жолдары талқыланды. Дөңгелек үстел барысында теңіздегі жоғары білім берудің төрт білім беру бағдарламасы және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің бір бағдарламасы таныстырылды. Жұмыс берушілер тарапынан осындай бірлескен жұмыстың қажеттілігі және нәтижелі болатындығы атап көрсетілді.