Вакцинация және ревакцинация

Yessenov University оқытушы-профессорлық құрамына «Еркемед» емханасы дәрігерлері «вакцинация және ревакцинация» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

21 қаңтарда Yessenov University оқытушы-профессорлық құрамға «Еркемед» емханасының дәрігерлері: Токтарған Айжан және эпидемиолог Тұракбаева Жансая «вакцинация және ревакцинация» тақырыбында сұқбат жүргізді. 

Сұқбат барысында Еркемед емханасының дәрігерлері: «Коронавиурспен күресте вакцинаның рөлі зор екендігін, сонымен қатар, бұл вакцина алдыңғы екі вакцинаға қосымша болып саналатындығы»  жөнінде сөз қозғады. 

Түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қойылған сұрақтарға жауап берді.