Алия Джанисенованы құттықтаймыз!

«Білім беру» факультетінің академиялық істер бойынша вице-деканы Джанисенова Алия Мейрбековнаны 8D01101 – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша «Университеттік білім беру жүйесінде студент жастардың кәсіпкерлік мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында диссертациясын қорғап, философия докторы (PhD) дәрежесін алуымен құттықтаймыз.

Алия Мейрбекқызына отандық ғылым саласын дамытуда жоғарғы деңгейден көріне беруіне тілектеспіз, шығармашылық табыстар тілейміз!