Yessenov University-де «Ғылым – Маңғыстау өңірінің тұрақты даму негізі» атты ғылым айы аясында «Университет пен мектеп серіктестігі: Ғылыми білім және Мансап» тақырыбында конференция ұйымдастырылды.
Конференция аясында Форсайт әдістемесі елдің болашақ экономикасының кадрларға қажеттілігін анықтаудың инновациялық құралы екендігі туралы және білім алушылардың мансап траекториясын қалыптастыру мақсатында университеттер мен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы туралы баяндамалар жасалып, конференция қатысушылары құнды ой-пікірлерімен бөлісті.