Оқу-әдістемелік кеңес

Оқу-әдістемелік кеңес университеттің білім беру қызметінің оқу-әдістемелік және оқу мәселелерін талқылау орталығы болып табылады.

Оқу-әдістемелік кеңес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын басқарудың бағыттары мен механизмдерін анықтайды, оқу үдерісіне жаңа білім беру технологияларын енгізуге ұсынады. ОӘК оқу үдерісін сапалы оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Оқу-әдістемелік кеңестің негізгі міндеттері

  • Университеттің білім беру қызметін әдістемелік қамтамасыз ету сапасын бақылау және мониторинг ұйымдастыру.
  • Университетте шығарылатын оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, оқу құралдарын және басқа да оқу-әдістемелік материалдарды жоспарлау, сараптауды ұйымдастыру және баспаға ұсыну.
  • Университеттің әдістемелік қызметін үйлестіру
  • Университетте жаңа технологияларды, әдістерді, оқыту тәсілдерін енгізу және қолданыстағыларын жетілдіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
  • Университет бойынша алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені жалпылау және тарату және оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру.
  • Университеттің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі үшін жағдай жасауға бағытталған жоғары кәсіптік білім беру сапасын басқару саласындағы қызметтің басым бағыттарын анықтау
  • Факультеттердің оқу-әдістемелік жұмысын үйлестіру
  • Оқу үдерісін жақсарту және қарқындандырудың басым бағыттары бойынша ОӘБ талдау және жүйелеу
  • Ғылыми-әдістемелік конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және өткізу
  • Университеттің оқу-әдістемелік қызметі мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу