Yessenov University ректоры Б.Б Ахметовтың басшылығымен, РММ “Ақтау және Баутино порттарының теңіз әкімшілігі”, «Казмортрансфлот» ҰТК ЖШС, “Ақтау машина жасау зауыты” ЖШС, “Marine Time” ЖШС, “Теңізшілер қоғамы” ҚБ өкілдерінің қатысуымен “Теңіз техникасы және технологиялары” мамандарын дайындық бағыты бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің оқу-әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Отырыста жалпы білім беру бағдарламалары, теңіздегі білім беруді дамыту мәселелері талқыланды.