6 наурыз күні «Экономика және құқық» факультетінің 2 – курс студенттеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің тұтынушылар құқықтарын қорғау бөлім басшысы Алмаз Ермеков тақырыптық дәріс оқыды.
Дәріс барысында студенттерге тауар сатып алу мен қызмет көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтары қорғау, тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасы мен қауіпсіздігі, пайдаланылмаған жол жүру құжаттарының (билеттердің) төлемдерін қайтару тәртібі, міндетті медициналық сақтандыру шарты бойынша төлемдерді алу тәртібі, интернет арқылы тауар сатып алу кезенді сатып алушының мүдделерін қорғау, кепілдік талон бойынша техникалық сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асыру кезіндегі т.б құқықтарды қорғау мәселелері түсіндірілді.