23 ақпан күні Инжиниринг факультетінің ұйымдастыруымен Ұлттық кеңес мүшесі, Ақтау қалалық мәслихат депутаты Уайс Ерсайынұлымен кездесу өтті. Факультет студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы қатысқан шара «Тұлғаның рухани ұлттық құндылықтарын қалыптастыру» тақырыбына арналды.
Соңғы уақытта аталмыш бағытта патриотизмге деген көзқарас әлеуметтік қана емес, рухани, адамгершілік , мәдени, тарихи маңызды құндылық ретінде таралуда. Уайс Ерсайынұлы ой-пікірімен бөлісіп, жаңа уақыттың жаһандық сын-қатерлері, өмірдің барлық құрылымындағы, технологиялық платформалардағы, өмір салтындағы өзгерістерге Қазақстанның да сәйкес келуі талап етілетініне назар аударды. Кездесу соңында студенттер мен оқытушылар бірқатар сұрақтар қойып, тақырыбы бойынша өз ойларымен бөлісті.