Мұнай-химия саласындағы заманауи хронологиялық шешімдер: болашағы мен дамуы

23 ақпан күні Yessenov University 2001-2005 жылдары ректор болған ҚР ҰИА академигі т.ғ.д., профессор Әшімжан Сүлейменұлы Ахметовты еске алуға арналған “Мұнай-химия саласындағы заманауи хронологиялық шешімдер: болашағы мен дамуы” Халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция өтті. 

Конференцияға журналист, ҚР еңбек сіңірген заңгері, мемлекет және қоғам қайраткері Елекеев Ирак, сатирик-сықақшы, Парасат орденінің иегері, Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты Көпен Әмірбек, Ә.С. Ахметовтың отбасы мүшелері:  жұбайы және ұлы, сондай-ақ, университеттің профессор оқытушылар құрамы қатысты. 

Халықаралық ғылыми тәжірибелік конференцияда Тюмень мемлекеттік мұнай газ университетінің профессоры Пермяков В.Н.,  Әзербайжан мемлекттік мұнай және өнеркәсіп университетінің профессоры А. А. Алекберов баяндама жасап, Каспий теңізінің экологиялық жай-күйін бірге зерттеуге шақырды. 

Сондай-ақ жиында профессор Ә.С. Ахметов жөнінде әсерлі естеліктер айтылды.