10 қазан күні Yessenov University-де ардагер ұстаз, қоғам қайраткері Ислам қажы Мырзабекұлының 80 жылдық мерейтойына арналған «Тұлға тәрбиесі және ұлттық құндылықтар» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.
Іс-шараға Ақтөбе мен Атырау қалаларынан келген белгілі ғалымдар, ұстаздар және студенттер қатысты.
Конференция басталар алдында Ислам қажы Мырзабекұлының өмірі мен еңбегіне арналған бейнефильм көрсетілді. Yessenov University президенті Берік Бақытжанұлы Ахметов шараны кіріспе сөзімен ашып, ұстаздың білім мен руханият саласындағы еңбегіне жоғары баға берді.
Құттықтау сөздерден кейін Ислам қажы Мырзабекұлының «Әр саладан там-тұмдап» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Конференция соңында Ислам қажы Мырзабекұлы ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, іс-шара қатысушыларына алғысын жеткізді.