Yessenov University-де Түркия Республикасы құрылуының 100 жылдығына орай Yessenov University алаңында «Түркия ғасыры» атты іс-шара өтті.
Ең алдымен Yessenov University президенті Берік Ахметов Қазақстан мен Түркияның маңызды қарым-қатынасы туралы атап өтті.
Бас Консул Сабри Альптекин биыл Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл толуымен қатар, Түрік Сыртқы істер министрлігіне 500 жыл толғанын да айтты. Оның баяндауынша, бұл маңызды күн Түркияда 2023 жыл – «Түркия ғасыры» болып жарияланып, бүкіл әлемде тойлануда. Сондай-ақ, ол Қазақстан мен Түркия білім саласы бойынша тығыз байланыста екенін айтты.
«Түркия гранттары» бағдарламасы аясында бұл елде бірқатар қазақстандық студенттер білім алуда. Түркияда академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқитын студенттер саны күн сайын артып келеді.
Сондай-ақ, YU-де түрік тілі кабинетін ашу бойынша жұмыс жүргізілуде.
Университет өнерпаздары Ашык Вейселдің күйін шертіп, «Мен ұзақ, жіңішке жолдамын» поэзиясын оқыды. Сонымен қатар «Көроғлу», «Адай» күйлері тартылып, «Mod» әні шырқалды. «Freedom» клубы түркі халқының «Халай» биімен сахна төріне шықты.
Шара соңында консулдық студенттермен қонақтарды Түркияның әдемі суреттері қойылған фотокөрмемен тәнті етті. Университет бақшасында Түркия елінің ұлттық тағамы донер мен арнайы түрік тәттілері ұсынылды.