Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру

Yessenov University Теңіз академиясының ұйымдастыруымен студенттерге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» тақырыбында тренинг өткізілді.

Шараға Маңғыстау облыстық «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі үйлестірушісі Шамшадинова Арайлым,«Саналы Ұрпақ» клубы жетекшісі, «Құқықтану» кафедрасының профессор ассистенті Ізтұрғанова Гүлнар Қосшықызы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің басшысы Джолдасбаева Гульсара Узбековна қатысты.

Шара барысында көптеген мәліметтер берілді және де студенттер келген қонақтарға өздері қызықтырған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.