“Бизнес және құқық” факультетінде “Халықаралық қатынастар және туризм” кафедрасының ұйымдастыруымен «Құқықтану», «Халықаралық қатынастар», «Экономика», «Қаржы», «Мұнай-газ ісі», «Ақпараттық жүйелер», «Машина жасау» мамандықтарының 1-курс студенттерінің арасында университет деңгейінде жастар субмәдениеттер фестивалі өтті. Фестиваль барысында студенттер жастар арасындағы әртүрлі субмәдениет типтерін таныстырып, олардың қоғамдағы орнына анықтама берді, сондай-ақ, олардың қоғамға ықпалын сыни тұрғыдан бағалады.
Презентацияның мақсаты: жастар субмәдениеттерімен таныстыру, студенттер арасында толеранттылықты қалыптастыру және теориялық білімдерін мәдениет әлеуметтануында қолдана білу.