27 ақпан күні Yessenov University-де «Студенттердің дамуы: Жеке жетістік, кәсіпкерлік және ұлттық құндылықтар» тақырыбында мотивациялық тренинг өтті.
Іс-шараның басты мақсаты — студенттердің жеке дамуын қолдау, кәсіпкерлікке қызығушылығын арттыру және ұлттық құндылықтарға деген құрметін күшейту.
Тренингке өңіріміздің танымал тұлғалары спикер ретінде қатысты: кәсіпкер Сатбеков Альтаир, логистика саласындағы кәсіпкер, тендер сарапшысы Камилов Нурсултан, полиглот Ислам Ерсұлтан, тәлімгер, спорт жаттықтырушысы, самбодан Азия чемпионы Орынбаев Қуандық.
Спикерлер жетістікке жету жолдары, білім мен ғылымның маңыздылығы, тіл үйрену және еңбекқорлық туралы өз тәжірибелерімен бөлісті. Тренинг барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.