12-қыркүйек күнi «Бизнес жəне құқық» факультетінің «Халықаралық
қатынастар жəне туризм» мамандығының 4 курс студенттері Құрық теңіз портына барды.
Халықаралық қатынастар студенттері теңіз портының жұмысымен алғаш рет
танысты. Болашақта біздің университет пен Құрық теңіз порты арасындағы ынтымақтастық
туралы меморандумға қол қою жоспарлануда, соның негізінде ынтымақтастықты
кеңейтіп, студенттердің өндірістік тəжірибесін ұйымдастыруға мүмкіндік туады.