30 қаңтар күні Yessenov University-де мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, кеңес беру және жастардың жеке тұлға болып қалыптасу жолында қоғамдық шараларға белсене қатысуға ықпал жасау мақсатында Әділет департаментінің басшысының орынбасары Тіленбаев Айзат Жайлауұлы, Маңғыстау облыстық «Атамекен» палатасының 1-санаттағы эксперті Бисекенов Руслан Сайынұлы және Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының маманы Шүкірбаев Нұрбек мырзалардың студент жастармен кездесуі өтті.
Кездесу барысында арнайы мамандар студенттердің сауалдарына жауап беріп, мемлекеттік бағдарламалардың маңыздылығын түсіндірді.