21 қазан күні Yessenov University вице-президенті Гульвира Айдарханқызы ай сайынғы Speak Fluently диалог алаңы шеңберінде студенттердің академиялық мәселелері бойынша топ жетекшілерімен стратегиялық сессия өткізді. Бұл кездесуді барлық топтардың 280 жетекшісімен өткізу жоспарланған.
Сессияның алғашқы бөліміне 1 курс студенттері қатысты. Бұл сессияда вице президент үздік білім алуда, қоғамға қажетті маман тәрбиелеуде студенттермен қоян-қолтық жұмыс жасаудың маңыздылығын атап өтті және туындаған мәселелер бойынша әрдайым өзіне жүгінуге болатындығын айтты.