Startup Bolashak «Менің арманым» байқау қатысушыларына арналған бизнес тренинг өткізілді

Share on social networks

1 наурыз күні Yessenov University-де кәсіпкерлік және инновацияны дамыту орталығының ұйымдастыруымен Startup Bolashak «Менің арманым» ұлттық байқау қатысушыларына «Атамекен» ҰКП үздік спикері, «Бастау Бизнес» оқуының бизнес тренері Маржан Найзабекқызымен бизнес тренинг өткізілді.
Тренинг барысында спикер қатысушыларға бизнес жоспар жасау жөнінде үздік ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, қатысушылар арасында қызықты ойындар ойнату арқылы жастарға мотивация берді.
Трениг соңында спикер Маржан Найзабекқызына, жастарға кәсіпкерлік білім беруде қосқан үлесі үшін Yessenov University оқу-әдістемелік қызметі жөніндегі проректоры атынан алғыс хат табысталды.