Педагогика және психология (SR)


ON 1– ҚР Білім беру жүйесінің нормативтік-құқықтық базасының (заңдар, тұжырымдамалар, халықаралық келісімдер, стандарттар, нұсқаулықтар, ережелер және т. б.) мазмұнын, негізгі психологиялық-педагогикалық ұғымдарды, заңдар мен құбылыстарды біледі. ON 2– педагогика мен психологияның теориялық жағдайларын кәсіби-практикалық іс-әрекетінде қолдана біледі. ON 3– білім беру мекемелерінде педагогикалық процесті және психологиялық іс-әрекетті ұйымдастыра біледі, оқу-тәрбие шараларының жоспарларын, жобаларын, бағдарламаларын жасап, оларды жүзеге асыра алады. ON 4 – өзінің даму мүмкіндіктерін анықтай алады, түсінеді және бағалайды; өзін-өзі тән-дене, рухани және интеллектуалдық дамыту тәсілдерін, өзін-өзі эмоциялық реттеу және сүйемелдеу амалдарын меңгерген. ON 5 – өзінің жеке-тұлғалық ерекшеліктері мен кәсіби психологиялық әлеуетін пайдалану арқылы еңбек тиімділігін көтеруге, өзінің жұмыс нәтижелерін жақсартуға қабілетті. ON 6 – оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне, туындаған мәселеге сәйкес түзету бағдарламалары мен технологияларын құрастыра алады. ON 7- білім беру процесінің барлық деңгейлерінде білім алушыларға психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізеді және жүйелі психологиялық көмек ұйымдастыра алады. ON 8 – қарым-қатынас технологияларын, педагогикалық риторика дағдыларын, коммуникация стратегияларын меңгерген және педагогикалық ынтымақтастық пен толеранттылыққа қабілетті.