Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері


ON1 Ойлау мәдениетін меңгеру. Жазбаша және ауызша сөйлеуге қабілетті болу, ойлау нәтижелерін дұрыс және қисынды жеткізу. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі мен заңнамасының негіздерін түсіндіру; кәсіби қызмет саласындағы құқықтық адамгершілік-этикалық нормаларды түсіндіру; ON2 Ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін жобалауды есептеу, модельдеу және автоматтандыру үшін қолданбалы бағдарламалар пакеттерін пайдалану; Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері саласындағы менеджменттің негізгі әдістерін анықтау. ON3 Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері үшін алынған және әзірленген бағдарламалық қамтамасыздандыру туралы ақпаратты жинау мен сақтаудың бағдарламалық-техникалық құралдарын таңдау. Пәндік аймақтың процестерінің, мәліметтерінің, объектілерінің үлгісін сипаттау үшін бастапқы ақпараттарды талдау. ON4 Ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін бағдарламалық қамсыздандыруды негізгі жасақтау әдістерін меңгеру. Арнайы бағдарламалық пакеттерді қолданып бағдарламалық қамсыздандыруды жобалау. Серверлік операциялық жүйелер мен бағдарламалық қамсыздандыруларға жаңартуларды орнату. Жүйелік әкімшілік басшылығымен қолданушылардың компьютерлеріне жүйелік бағдарламалық қамсыздандыруды орнату және баптау. ON5 Компьютерлік желілерді пайдалану, жұмыс істеу және қорғау үшін бағдарламалық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету. Есептеуіш желісінің жұмыс жасау қабілеттілігін апаттан кейін қалпына келтірудің кейінгі схемалары мен процедуларын әзірлеу. ON6 Мәліметтерді қорғаудың бағдарламалық және техникалық құралдарын қолдану. Мәліметтер қорын басқару жүйесіне қажетті жаңартуларды орнату. Заманауи мәліметтер қорын басқару жүйесі мен мәліметтер қорынның нарығын талдау. Мәліметтерді жинауға арналған бағдарламалық-техникалық құралдарды орнату және баптау. ON7 Жобалардың тәуекелдерін талдау. Жоба мазмұнын басқару. Пәндік сала бойынша бастапқы мәліметтердің әртүрлі түрлерімен жұмыс жасау. Жобалық технологиялар бойынша жұмыстарды басқару. Заманауи технологиялық құралдар мен стандарттарды қоладана отырып, ақпаратттық жүйелердің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету. ON8 Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің техникалық құралдарын қолдану. Қауіпсіздік жүйесін баптау стандарттарын жасақтау. Қосымша қорғау құралдарын орнату, осы құралдарға қызмет көрсету және пайдалану, қорғанысты талдау жүйесі.