Туризм


ОН1- жаһандық, ұлттық және жеке рухани-адамгершілік құндылықтарды көрсетеді ОН2- туризм негіздерін, туристік индустриядағы кәсіпорындардың қызметін біледі және түсінеді ОН3 – компьютерлік бағдарламаларды, интернет-технологияларды, GDS-ді кәсіби қызметке қолданады ОН4- туризмнің арнайы түрлерін ұйымдастыруды, су, шипажай, қажылық туризм ерекшеліктерін талдайды ОН5 – өнімдер мен қызметтерді жылжыту мен сатудың түрлі технологияларын әзірлейді ОН6- қызметкерлер мен қызметтердің сапасын тиімді басқарады, мәселелерді шешеді және шешім қабылдайды ОН7- туристік индустрияда өз бизнесін ұйымдастыру мақсатында кәсіби шеберлікті одан әрі жетілдіруге қабілетті ОН8- кәсіби және әлеуметтік ортада әр түрлі тілдер мен мәдениеттерде тиімді қарым-қатынас жасайды ОН9 – Кіру, шығу және ішкі туристік ағындардың жаңа туристік маршруттарын құрудың негізі ретінде инфрақұрылымы мен көлік-коммуникациялық базасын ескере отырып, туризм саласындағы басым бағыттарды (курорттық-сауықтыру, қажылық, жағажай, қасиетті, іскерлік, медициналық және т.б.) дамыту және ілгерілету мақсатында дестинациялардың туристік-рекреациялық әлеуетін бағалайды. ОН10 – Әлемдік және ұлттық туристік орталықтарды қалыптастырудың тарихи кезеңдерін, процестері мен қағидаттарын талдайды, сондай-ақ туристік ағындарды болжай алады. ОН11 – Экологиялық білімді тәжірибеде қолданады және кәсіби қызмет саласында өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.