Спартакиада-2024

Yessenov University-де университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында дәстүрлі «Спартакиада-2024» байқауының салтанатты ашылуы өтті.

Барлығы 10 команда қатысатын Спартакиада 8-15 қаңтар аралығында 7 спорт түрі бойынша өтеді:
Баскетбол;
Волейбол;
Футбол;
Үстел теннисі;
Садақ ату;
Жүзу;
Шахмат.

Спартакиаданың алғашқы күндері баскетболдан және шахматтан жарыстар өтті.

Университет ұжымының барлық командаларына алдағы ойындарда жеңістер тілейміз!