Yessenov University “Қазақ филологиясы” кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. Бибайша Ильясқызы Нұрдәулетованы Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталуымен шын жүректен құттықтайды!
“Тіл туралы” Заңның қабылданғанына 30 жыл толуына орай, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бибайша Нұрдәулетоваға мемлекеттік тілді дамытуға, мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтуге, ұлтаралық қарым-қатынас құралы ретінде қайта құруға үлкен үлес қосқан Бибайға алғысын білдірді.
Бибайша Нұрдәулетова — ҚР БҒМ Ғылым комитетінің
гранты негізінде жəне Маңғыстау облысы Мəдениет басқармасының сұранысы бойынша бірнеше республикалық, халықаралық, аймақтық деңгейдегі ғылыми жобалардың жетекшісі.
Сізге зор денсаулық, отбасылық амандық және табыс тілейміз!