«Service learning» жобалары қорғалды

Yessenov University Атриумында “Service learning ” пәнінен студенттер әлеуметтік жобаларын қорғады. “Service learning ” пәні- студенттерге әлеуметтік маңызы бар жобалармен жұмыс істеу мүмкіндігі арқылы қоғамға қызмет көрсету тәжірибесін құруды үйретеді.Маңғыстау облысының нақты әлеуметтік мәселелерін шешу, жобалық жұмысқа үйрету арқылы Yessenov University студенттерінде өмірге белсенді ұстанымын қалыптастыру. Жобаны қорғауға базалық факультеттің 600 студенті, барлық мамандықтар атап айтқанда, Менеджмент , Есеп және аудит , Қаржы , Мемлекеттік және жергілікті басқару , Экология мамандығы , Ақпараттық жүйелер, Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау , Мұнай газ ісі , Машина жасау , Көлік, көліктік техника және технологиялар , Электр энергетикасы , Органикалық заттардың химиялық технологиясы , Технологиялық машиналар мен жабдықтар , Құрылыс , Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау , Стандартизация және сертификация , Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдау ұйымдастыру , Туризм , Кадастр , Жерге орналастыру мамандықтары қазақ және орыс топтары өз жобаларын қорғап бағаланды.Қорғауға комисия мүшелері қатысып өз бағаларын, беріп студенттерді бағалады.Комиссия мүшелері: Yessenov University ректоры- Б.Б. Ахметов, проректор- А.М.Бостанова , Базалық факультеттің деканы- Қ.Қ. Макулов, “Қазақстан Халқы Ассамблеясы” кафедрасының меңгерушісі- А.И. Мамбетова, “Service Learning” пәнінің координаторы- И.В.Бисингалиева , Маңғыстау облысының “Қазақстан Халқы Ассамблеясы” секретариатының меңгерушісі – Г.М Исмурзина “Ана мен бала” кризистік орталығының директоры – Р.А.Бекманова, Эко Маңғыстау ҚБ директоры – К Осин. “Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған “Жігер” спорттық клубының төрағасы- Н.Кулышев , Облыстық балалар ауылының директоры -М.К.Ташов, “Ана мен бала” кризистік орталығының заңгері- А.Фокин жобаға байланысты студенттерге сұрақ қойып, сын-пікірлерін айтып, алға қойған мақсаттарына сәттілік тіледі. Конкурстағы әлеуметтік жобалар тақырыбы : мүмкіндігі шектеулі жандарға, аутизммен ауыратын балаларға көмек беру, ана мен бала орталығына,экологияға, қарттар үйіне, зорлық зомбылық көрген жандарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға спорттық іс-шара ұйымдастыру, жалғыз тұратын қарттарға көмек көрсетілетіні және сол тақырыптар бойынша өз жобаларын қорғады.Барлық студенттер жобаларын өте жақсы деңгейде қорғап шықты.