Ғылыми жетістіктер

Ғылыми қызметтің маңызды көрсеткіштерінің бірі – ғылыми жарияланымдардың саны. Профессор-оқытушылар құрамының ғылыми жұмысының нәтижелері Қазақстанның, алыс және жақын шетелдердің ғылыми журналдарында жарияланады, олардың бірқатары Thomson Reuters және Scopus халықаралық мәліметтер базасына енгізілген. Университеттегі міндеттерді орындау үшін аймақтық ғылыми-аналитикалық сараптамалық зертхана құрылады. Қазір Инжтниринг факультетінде құрал-жабдықтарды орнату жұмыстары жүріп жатыр. Аккредиттеуден кейін оның қызметінің негізгі бағыттары:

  • Пилоттық сынақтар өткізу және зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізу;
  • Ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды, оның ішінде ғылыми-технологиялық дамудың басым бағыттарында қолданылатын жобаларды жүзеге асыруға көмек көрсету, тиісті ғылыми бағыттар бойынша магистрлік және докторлық диссертацияларды дайындауға көмек.

ҚР ҒБМ БҒСБК басылымдарындағы мақалалар

Халықаралық журналдардағы мақалалар

Оқытушылардың монографиялар көрсеткіші

Импакт факторы бар мақалалар

Республикалық журналдардағы мақалалар

Ұйымдастырылған конференциялар, семинарлар және дөңгелек үстелдер

Қорғау құжаттар саны

Зерттеу тобы

Аты-жөні

Scopus Author ID

Researcher ID

ORCID

  1.  

Иманбаев Е.И., PhD, доцент

56480724900

D-4798-2015

https://orcid.org/0000-0001-8273-0020

  1.  

Серикбаева А.К., т.ғ.к., профессор

55622254500

P-1372-2017

https://orcid.org/0000-0001-8030-8934

  1.  

Изтелеу Н.Н., ф.-м.ғ.к.

Жоқ

Жоқ

Жоқ

  1.  

Бурханбеков К.Е., PhD

57190689145

B-8882-2013

https://orcid.org/0000-0002-2598-6094

  1.  

Аккенжеева А.Ш., х.ғ.к.

57221730228

C-5842-2018

https://orcid.org/0000-0002-9847-8218

  1.  

Бусурманова А.Ч., х.ғ.к.

57225149990

A-8859-2015

https://orcid.org/0000-0001-8228-7188

  1.  

Боранбаева А.Н., докторант

57221723803

D-2489-2018

https://orcid.org/0000-0003-2732-3507

  1.  

Сыдыков С.У. магистр

Жоқ

Жоқ

Жоқ

  1.  

Мусабекова Ж.Г., магистр

Жоқ

Жоқ

Жоқ

  1.  

Ибрашова Д.Б., магистрант

Жоқ

Жоқ

Жоқ

Жобаның атауы: ИРН AP08856022 Өндірістік және тұрмыстық полимер қалдықтарымен мұнай битумдарын модификациялау

Жобаның ғылыми жетекшісі: PhD, қауымдастырылған профессор, Иманбаев Е.И.

Гранттық қаржыландырудың сомасы 2020-2022 жылдарға 59719,0 мың теңге, оның ішінде жылдар бойынша: 2020 жылға – 15214,9 мың теңге, 2021 жылға – 19564,8 мың теңге, 2022 жылға – 24939,2 мың теңге

 

Жобаның қысқаша мазмұны. Жоба мұнай битумдарын өнеркәсіптік және тұрмыстық полимерлі қалдықтармен модификациялау, атап айтқанда мұнайшламы мен пластикалық қалдықтарды тиімді пайдалану технологиясын зерттеуге және оны әзірлеуге, сонымен қатар жол битумдарының физика-химиялық сипаттамаларын жақсартуға арналған.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында және әлемнің көптеген елдерінде жыл сайын мұнайшламы және пластмассалар сияқты көміртекті қалдықтар жинақталуда. Олар биологиялық ыдырамайтын және бұзылмайтын қалдықтар болып табылады және бір жағынан қоршаған ортаға үлкен қауіп төндіреді, ал екінші жағынан – баламалы органикалық материалдарды өңдеуге арналған қайта өңдеу шикізаттының үлкен қорын құрайды. Әлемнің көптеген дамыған елдері мұнайшламын және пластмасса қалдықтарын өңдеудің жаңа технологияларын жетілдіру және құру, сондай-ақ әзірленген процестердің жекелеген кезеңдерінің жұмысын жақсарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде, бұл тұтастай алғанда өңдеу және қайта пайдалану әдісінің тиімділігін арттырады. Сонымен бірге өңдеудің экологиялық аспектілеріне, атап айтқанда, қалдықсыз және аз қалдықты үнемдейтін технологияларды құруға көп көңіл бөлінеді.

Сондықтан өнеркәсіптік және тұрмыстық полимер қалдықтарымен мұнай битумдарын модификациялау технологиясын дамыту, мамандандырылған жабдықты құру және оны жетілдіру, қолдану саласына қарай қажетті қасиеттері бар модификацияланған битум өндірісі сияқты басқа да мәселелер өзекті болып табылады.

Толығырақ

Жобаның мақсаты мен міндеттері:
Жобаның мақсаты – мұнайшламы мен тұрмыстық пластик қалдықтарын жоюға арналған өндірістік және тұрмыстық қалдықтармен мұнай битумын модификациялау технологиясын зерттеу және оны әзірлеу. Қазақстан Республикасының битумдарының физика-химиялық реологиялық сипаттамаларын жақсарту.
Осы мақсатқа жету үшін жобаның келесі негізгі міндеттері шешіледі:
1. Битум модификациясына қолдану үшін Қазақстан битумының, мұнайшламының және пластикалық қалдықтардың (полиэтилентерефталат) құрамы мен физика-химиялық сипаттамаларын анықтау;
2. Мұнайшламының битумның физика-химиялық сипаттамаларына әсерін зерттеу; мұнайшламының оңтайлы мөлшерін, битумды модификациялау процесінің температурасын анықтау;
3. Полимер-битум өндірісінде мұнайшламдарының қалдықтарын тиімді пайдалану нұсқаларын және оның полимер-битум өнеркәсіптік өндірісінде қолдануға болатын полимер-битум сапалық сипаттамаларына әсерін ұсыну;
4. Битумның физика-химиялық сипаттамаларына пластикалық қалдықтардың (полиэтилентерефталат) әсерін зерттеу; полиэтилентерефталатының оңтайлы мөлшерін, битумды модификациялау процесінің температурасын анықтау; өндіріс құнын төмендетуге болатын полимер-битумды қоспалардың нұсқаларын ұсыну;
5. Сапасы жалпы битумнан ерекшеленетін полимерлі-модификацияланған композицияларды алу үшін битум модификаторларын көрсету;
6. Битумды модификациялаудың технологиялық сызбасын әзірлеу.

Алынған ғылыми нәтижелер:
«CASPIBITUM» БК ЖШС өндіретін әртүрлі маркалы битумдардың физика-химиялық құрамы зерттелді, барлық битумдар стандарт талаптарына сәйкес келетіні анықталды.
Шығу тегі әртүрлі мұнай шламының физика-химиялық құрамы зерттелді. Мұнай шламының құрамында судың және механикалық қоспалардың айтарлықтай мөлшері болатыны және оны битум негізін жартылай алмастырғыш ретінде пайдалануға болатыны анықталды.
Өзен және Жетібай мұнай кен орындарының мұнай шламдарымен битумның модификациясы зерттеліп, алынған нәтижелер талданды.
Битумды модификациялау процесін жүргізу үшін қондырғы жасалды. Қондырғы болат цилиндрлік реактор болып табылады, ол электр қуатымен жылытылады, ал қыздыру температурасы температура реттегішімен бекітіледі. Реактордың жоғарғы бөлігіне араластырғыш қосылған, ол процесті күшейту үшін шикізатты механикалық араластыруға мүмкіндік береді. Битумды модификациялау процесі 175 °С температурада жүргізілді, араластыру уақыты 3 сағатқа дейін.
Тәжірибелік зерттеулердің нәтижелері бойынша полимер-битум байланыстырғыштарын дайындау процесінің оңтайлы параметрлері анықталды: битумға қосылатын мұнай шламының мөлшері 20 %; араластыру температурасы – 175 °С, араластыру уақыты – 3 сағат. Өзен және Жетібай кен орындарының мұнай шламдарының физика-химиялық сипаттамалары талданды. Мұнай шламының химиялық құрамы парафинді көмірсутектермен ұсынылған және құрамында 6 масса пайызға дейін механикалық қоспалар бар. Модификацияланған битумды алу үшін мұнай шламы мен SBS, Butonal, Elvaloy сияқты полимер модификаторы қосылған БНД 100/130 маркалы жол битумының негізінде полимер-битум композициялары дайындалды. Өзен және Жетібай кен орындарының мұнай шламдарымен модификацияланған битумдардың нәтижелері салыстырылады. Негізгі физикалық-механикалық сипаттамалары бойынша мұнай шламын қосып БНД 100/130 мұнай битумын модификациялау арқылы дайындалған полимер битумды байланыстырғыштар: сақина мен шар әдісімен жұмсарту температурасы, иненің ену тереңдігі, сынғыш температурасы, созылғыштығы бойынша ПМБ 70/100 және ПМБ 100/130 маркалы полимер битумды байланыстырғыштар сипаттамаларына сәйкес келеді. Полимермен модификацияланған битумдағы мұнай шламының мөлшері 15-20% шегінде болса, экономикалық тұрғыдан орынды деп саналады.

Жоба аясында жарияланған жұмыстар тізімі

1. Аккенжеева А.Ш., Серикбаева А.К., Бусурманова А.Ч., Иманбаев Е.И., Муканов Т. Производство дорожных битумов по технологии компаундирования // Промышленность Казахстана. – 2020. – №3. 21-22 б.
2. А. Аккенжеева, А. Бусурманова, А. Серикбаева, Е. Иманбаев, С. Сыдыков Получение полимерного битумного вяжущего на основе смесей нефтепродуктов // Промышленность Казахстана. – 2020. – №4. 43-45 б.
3. Imanbayev Y., Akkenzheyeva A., Bussurmanova A., Serikbayeva A., Boranbayeva A. Preparation of polymer bitumen binder in the presence of a stabilizer // Processes. – Vol. 9, Issue 1. – 2021. Номер статьи 182. – P. 1-11 (Scopus, Web of Science)
4. Иманбаев Е.И., Серикбаева А.К., Бусурманова А.Ч., Аккенжеева А.Ш., Боранбаева А.Н. К вопросу применения нефтешламов при модификации битума // Международная научно-практическая конференция «Наука и образование: Теория и практика», 18 декабря 2020. Нефтекамск, Башкортостан. 56-60 б.
5. Иманбаев Е.И., Боранбаева А.Н., Серикбаева А.К., Бусурманова А.Ч., Аккенжеева А.Ш. Подбор нефтяных шламов для получения битумов // Международный научно-исследовательский журнал. № 12 (114). Часть 2. 2021. 32-35 б.

Зерттеу тобы

Аты-жөні, ғылыми атағы

Scopus Author ID

Researcher ID

ORCID

  1.  

Ахметов Б.Б. т.ғ.к., профессор

57200984727

жоқ

жоқ

  1.  

Лахно В.А., т.ғ.д., профессор

57162971300

H-7021-2016

https://orcid.org/0000-0001-9695-4543

  1.  

Ягалиева Б.Е., т.ғ.к., доцент

42062442900

AAQ-4246-2020

https://orcid.org/

0000-0003-4644-2261

  1.  

Тынымбаев Б.А.

жоқ

жоқ

жоқ

  1.  

Жилкишбаева Г.С.

57216878592

жоқ

жоқ

Жобаның атауы: ИРН AP08855887 «Кибернетикалық қауіпсіздік жүйелеріне инвестициялау процесінде интеллектуалды шешімдерді қабылдауды қолдау жүйесін әзірлеу»

Жобаның ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., профессор Ахметов Б.Б.

Гранттық қаржыландырудың сомасы 2020-2022 жылдарға 52 563,57 мың теңге, оның ішінде жылдар бойынша: 2020 жылға – 10 409,7 мың теңге, 2021 жылға – 20 686,2 мың теңге, 2022 жылға – 21 467,7 мың теңге

Жобаның қысқаша мазмұны. Шабуылдаушы тарапқа белсенді қарсы әрекет ету жағдайында ақпараттандыру объектілерін АҚ және КрҚ құралдарын қаржыландыру процесінде ШҚҚЖ үшін жаңа әдістерді, модельдерді және қолданбалы БЖ әзірлеу мәселелері деструктивті әсер ету санының өсуі жағдайында, оның ішінде нысаналы, АМКЖ және АҚО-да шешімдер қабылдаудың сапасы мен жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл міндет ұлттық та, халықаралық та ауқымда да өзекті болып табылады. АМКЖ және АҚО-дың ақпараттық және киберқауіпсіздігін кепілді қамтамасыз етудің күрделі жағдайларында шешімдер қабылдау процесі сарапшылармен белсенді өзара іс-қимыл жасалған жағдайда жүргізілуі тиіс, бұл ретте компьютерлік технологиясыз мұндай жұмыс өте көп еңбекті қажет етеді. Сол себепті АҚО және АМКЖ-ның ақпараттық және киберқауіпсіздік құралдарын қаржыландыру процесінің шешімдерін қолдаудың зияткерлік жүйелерін дамытуға арналған зерттеу тақырыбы шабуылдаушы тарапқа белсенді қарсы тұру жағдайында өзекті болып табылады.

Толығырақ

Жобаның мақсаты мен міндеттері:
Жоба мақсаты шабуылдаушы тарапқа белсенді қарсы әрекет ету жағдайында аса маңызды компьютерлік жүйелердің ақпараттық және киберқауіпсіздік құралдарына қаржыландыру процесінің шешімдерін қолдаудың интеллектуализацияланған жүйелерінің тиімділігін арттыру.
Жоба міндеттері
– шабуылдаушы тарапқа белсенді қарсы іс-қимыл жағдайында АМКЖ пайдаланатын ұйымдардың ақпараттық және киберқауіпсіздік құралдарын қаржыландыру процесінде әзірленген ШҚҚЖ-ның пайдалану сипаттамаларына қойылатын бағдарлы талаптарды айқындау;
– ШҚҚЖ архитектурасын әзірлеу;
– АМКЖ пайдаланатын мемлекеттік ұйымдардың, сондай-ақ шабуылдаушы тарапқа белсенді қарсы әрекет ету жағдайында киберқауіпсіздікке бөлінетін қаражатты қаржыландыру стратегияларын оңтайландыруға мүдделі жеке компаниялардың АҚ және КрҚ құралдары қаржыландыру процесінде ШҚҚЖ үшін математикалық модельдерді әзірлеу;
– ШҚҚЖ үшін бағдарламалық қамтылымды (БҚ) әзірлеу;
– ШҚҚЖ-ның тәжірибелі данасын шығару;
– тиімділігін растау үшін ШҚҚЖ сынақтарын жүргізу.

Алынған ғылыми нәтижелер:
Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздігі саласындағы стратегиялық жоспарлау міндеттері контекстінде маңызды компьютерлік жүйелердің киберқауіпсіздігі саласындағы әдеби дереккөздер бойынша бұрынғы зерттеулерге шолу және талдау.
АМКЖ киберқауіпсіздік құралдарына инвестициялаудың оңтайлы стратегияларын таңдау тапсырмаларында интеллектуалды ШҚҚЖ құру принциптерін теориялық негіздеу жүзеге асырылады, ол инновациялық технологияларды пайдалана отырып, АМКЖ қауіпсіздігін арттыруға бағытталған, АМКЖ қорғау схемаларында интеллектуалды ШҚҚЖ пайдалану.
Жұмыс істеудің құрылымдық схемасы әзірленді. Қарсы жақпен (хакер) динамикалық қарама-қайшылықта АҚ жүйесіне инвестициялаудың ұтымды стратегиясын таңдау үшін бағдарламалық қамтамасыз ету ШҚҚЖ енгізілді. Алғаш рет математикалық шешім алынды, ол бірнеше терминалды беттері бар екі сызықты көп қадамды сапалы ойындардың инструментарии жинағына негізделген.
«DSS investing in cybersecurity» шешімдерді қабылдау жүйесін енгізу модульдік негізде жүзеге асырылады, бұл шешімдерді қолдау жүйелерін басқа модульдермен толықтыруға мүмкіндік береді. «DSS киберқауіпсіздікке инвестициялау» шешімдерді қолдау жүйесінің онлайн нұсқасы MVC үлгісін пайдаланып ASP.NET Core MVC платформасында әзірленген. «DSS киберқауіпсіздікке инвестициялау» шешімдерді қолдау жүйелері АМКЖ ақпараттық қауіпсіздік контурының әртүрлі объектілерін қаржыландыруға жұмсалған инвесторлардың қаржылық ресурстарын бөлудің әртүрлі нұсқалары бойынша болжамдық бағалауларды онлайн режимінде алуды автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Ұсынылып отырған ШҚҚЖ «Киберқауіпсіздікке инвестициялау DSS» ақпараттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіруді қажет ететін әртүрлі кәсіпорындар мен ұйымдарда сынақтан өтті.

Жоба аясында жарияланған жұмыстар тізімі

Valeriy Lakhno, Volodimir Malyukov, Berik Akhmetov, Dmytro Kasatkin, Liubov Plyska. Development of a model for choosing strategies for investing in information security. Eastern-European Journal of Enterprise Technologies 2/3 (110) 2021. 43-51.
Berik Akhmetov, Valeriy Lakhno, Volodimir Malyukov, Bakhytzhan Akhmetov, Bagdat Yagaliyeva and Miroslav Lakhno, Yakiyayeva Gulmira. A model for managing the procedure of continuous mutual financial investment in cybersecurity for the case with fuzzy information. Lecture Notes on Data Engineering and Communications Technologies. 2021. P. 492- 507.
Lakhno V., Akhmetov B., Mazaraki A., Kryvoruchko O., Chubaievskyi V., Desiatko A. Methodology for assessing the effectiveness of measures aimed at ensuring information security of the object of informatization. Journal of Theoretical and Applied Information Technology. 2021. Vol.99. No 14. P. 3417-3427.
Berik Akhmetov, Valery Lakhno, Bagdat Yagaliyeva, Lazat Kydyralina, Nurzhamal Oshanova, Saltanat Adilzhanova. Conceptual diagram of an intelligent decision support system in the process of investing in cybersecurity systems. Journal of Theoretical and Applied Information Technology. 2021. Vol.99. No 18. P. 4297-4310.
V. Lakhno, B. Akhmetov, V. Chubaievskyi, Alona Desiatko, K. Palaguta, A. Blozva, and Y. Chasnovskyi. Information Security Audit Method Based on the Use of a Neuro-Fuzzy System, Lecture Notes in Networks and Systems Р.171-185.
Б.Б. Ахметов, В.А. Лахно, Б.Е. Ягалиева, Г.C. Жилкишбаева Көпфакторлығы ескерілетін киберқауіпсіздікке инвестициялау процесін басқаруға арналған шешімдерді қабылдауды қолдау жүйелерінің моделін әзірлеу. Вестник Абай атындағы ҚазҰПУ, «Физика-математика ғылымы» сериясы, №3(75), 2021. С. 70-75.
Ахметов Б.Б., Лахно В.А., Ягалиева Б.Е., Малюков В.П., Тынымбаев Б.А., Жилкишбаева Г.С. Қорғаныс жағындағы қатерлер мен ресурстардың бұлдыр жиынтығымен киберқауіпсіздікті қаржыландырудың адаптивті моделі // Вестник Актюбинского регионального университета им. К. Жубанова, №1(63). – 2021. − С. 60-71.
Ахметов Б.Б., Лахно В.А., Ягалиева Б.Е., Тынымбаев Б.А. Киберқауіпсіздік жүйелеріне инвестициялау процесінде шешімдерді қолдаудың интеллектуалды жүйесінің тұжырымдамалық үлгісі // Международная научно-практическая конференция “Актуальные проблемы информационной безопасности в Казахстане”, 11 июня 2021, Алматы, Казахстан.
Лахно Валерий, Ахметов Бахытжан, Ягалиева Багдат. Оптимизация состава контуров кибербезопасности на основе генетического алгоритма//ITSec: Безпека інформаційних технологій: The 11th International Scientific Conference «ITSec» October, 1-6 2021 – К.: НАУ, 2021. – С. 9-12.
«Investing in cybersecurity» № 18787 от «17» июня 2021 года. Авторы: Алимсеитова Ж.К., Ахметов Б.С., Лахно В.А., Ахметов Б.Б., Ягалиева Б. Е., Тынымбаев Б.А., Тургынбаева А.А.
«DSS investing in cybersecurity» № 18928 от «23» июня 2021 года. Авторы: Алимсеитова Ж.К., Ахметов Б.С., Лахно В.А., Ахметов Б.Б., Ягалиева Б. Е., Жилкишбаева Г.С., Тынымбаев Б.А.

Фариза Оңғарсынова шығармаларының поэтикасы

Жобаның ғылыми жетекшісі: Ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Қамарова Н.С.

Гранттық қаржыландырудың сомасы 2021 жылға 4987,7 мың теңге

 

Өзектілігі. Қазақ әдебиеті тарихында дара қолтаңбасымен ерекшеленетін Қазақстанның Халық жазушысы, көрнекті ақын Ф.Оңғарсынованың әдеби мұрасы толық қарастырылып,   шығармаларының жанрлық құрылымы мен поэтикалық ерекшеліктері сипатталады. Шығармаларының түрлі жанрларында жинақталған шындықты бейнелеу принциптерінің ерекшеліктері зерделенеді. Ақынның өзіне дейінгі отандық және әлемдік әдеби дәстүрлерді меңгеруі мен дамытудағы ізденістері, замандас қаламгерлер шығармашылығымен сабақтастығы айқындалып, жазушының ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиетіндегі орнына баға беріледі. 

Жұмыстың мақсаты – Фариза Оңғарсынованың өзіне тән қаламгерлік ерекшелігін сипаттау  арқылы акындық шеберлігін байыптау, ақынның суреткерлік даралығын, идеялық-тақырыптық нысанасын, ұлттық көркемдік дәстүрге қосқан үлесін, қазіргі қазақ  поэзиясында  алатын тиісті орны мен образдық-бейнелілік сипатын ашу. Қаламгердің көркем шығармаларының жанрлық сипаты, тақырыптық-идеялық бағдары мен көркемдік ерекшеліктерін әдеби-теориялық тұрғыдан пайымдау. Ақынның көркем тілінің қуатын, дара стильдік қырларын, поэтикалық шеберлігін ғылыми дәйектеу. Қаламгердің әдеби  мұрасын оқытуды теориялық тұрғыдан негіздеу.

Толығырақ

Қол жеткізілген нәтижелері
Ф.Оңғарсынованың қазақ әдебиетіндегі орнын, шығармашылық өмірбаянын, қалыптасуы зерделенді. Фариза Оңғарсынованың жалпы поэзиясына, шығармаларының мазмұны мен формаларына, идеялық-тақырыптық жүйелеріне, поэзиясының бейнелілігіне талдаулар жасалды. Ф.Оңғарсынованың шығармашылығының кемелдену кезеңдері, әдеби мектептері, поэтикасы байыпталды. Ф.Оңғарсынованың туған жері Атырауда болып, ағайын-тума, дос-жарандарынан материалдар жиналды (Ғылыми іс сапар, 17-20 тамыз 2021 ж.).
Ф.Оңғарсынова поэзиясының жанрлық типологиясы ашылып, дәстүрлер мен жанрлардың дамуындағы жаңашылдықтар көрсетілді. Ақын лирикасының негізгі композициялық ерекшеліктері нақтыланды. Ақын лирикасының дүниетанымын танытатын бейнелі өрнектер ерекшеліктері зерделенді.
Ф.Оңғарсынованың өлеңдерінің ерекшеліктері қарастырылып,поэма жанрының шебері екенін дәлелденді. Ф.Оңғарсынова өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері бүгінгі күн тұрғысынан қарастырылады. Нақты мысалдарда ақын қыздың қазақ әйелінің ұлттық болмысын танытудағы ақындық шеберлігі мен өз бетінше ізденістері қаралды. Фариза өлеңдерінде ұлттық мінез, мінез даралығы, лиризм, психологизм, мотив мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Фариза Оңғарсынова поэзиясының тақырыптары жүйеленді. Поэзиядағы көркем сөз құралдарының үлгілері сараланды. Ф.Оңғарсынова поэзиясындағы символдар, образдар, ішкі монологтар жан-жақты талданды.
Ф.Оңғарсынованың поэзиясы жан-жақты талданып, зерттелді. Стамбул университетінің түрік тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттеріне Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы туралы дәрістер оқылды, ғалымдар мен магистранттарға семинар өткізілді.
Ф.Оңғарсынова поэзиясында қолданылған көркемдеу құралдары жан-жақты талданады. Фариза Оңғарсынованың кабинетінде болып, көптеген әдебиеттермен танысу болды.

Жарияланымдар тізімі

1. Қамарова Н.С. Фариза Оңғарсынованың суреткерлік даралығы // Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы. № 3 (136), 2021. 103-113 б.
2. Қамарова Н.С. Фариза Оңғарсынова поэзиясындағы ақындық «Мен». Аса көрнекті түркітанушы ғалым Ғұбайдолла Айдаровтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Қазіргі заманғы түркологияның ғылыми даму миссиясы және Ғұбайдолла Айдаров феномені» халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары – Ақтау: Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, 28 маусым, 2021. – 115-120 бб.
3. Nagbdu Kamarova. The Image of the Motherland in the Poetry of Fariza Ongarsynova. Eurasia research live online conference proceeding. 2021. P.38.
4. Kamarova N.S. Symbolic images in the poems of the poetess Fariza Ongarsynova. International independent scientific journal, No. 31. 2021. P. 21-23.
5. Қамарова Н. Фариза Оңғарсынова шығармаларының поэтикасы. Монография. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2021. – 246 б.
6. Қамарова Н. Фаризатану. Оқу құралы. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2021. – 210 бет.
7. Қамарова Н. Фариза Оңғарсынова шығармашылығын оқыту. Оқу-әдістемелік құрал. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2021. – 114 б.

Зерттеу тобы

 

Аты-жөні

Scopus Author ID

Researcher ID

ORCID

  1.  

Нурдаулетова Б.И.

57221665637

D-2845-2018

https://orcid.org/0000-0002-6911-6509

  1.  

Артыкбаев Ж.

Нет

Нет

Нет

  1.  

Аймухамбет Ж.А.

57194569165

Нет

https://orcid.org/0000-0002-7061-3000

  1.  

Молдаганагатулы С.

Нет

Нет

https://orcid.org/0000-0002-8411-5977

  1.  

Толегенулы Б.

Нет

Нет

Нет

  1.  

Нуржанова А.

Нет

Нет

https// orcid.org/0000-0002-7897-8477

  1.  

Шохаев М. (

Нет

Нет

Нет

  1.  

Сапарбайкызы С.

57193201296

Нет

https://orcid.org/0000-0003-1096-4690

  1.  

Кулбаев Н.

Нет

Нет

Нет

ИРН AP08856996 Маңғыстау аймағындағы сакралды мәтіндердің концептуалды кеңістігі (жыраулық мәтіндер, эпитафиялық жазба мәтіндері, петроглифтер)

Жобаның ғылыми жетекшісі: Ф.ғ.д., профессор, Нурдаулетова Б.И.

Гранттық қаржыландырудың сомасы 2020-2022 жылдарға 55017,0 мың теңге, оның ішінде жылдар бойынша: 2020 жылға – 12068,9 мың теңге, 2021 жылға – 18612,2 мың теңге, 2022 жылға – 24346,1 мың теңге

 

Өзектілігі: Маңғыстаудың Қара ойы мен Үстірт аймағындағы қойылымдықтар ғылымда «өлілер шығанағы» деп аталады. Бұл жерлеу орындарының тарихы өте ежелгі кезеңге дейін барады. Жерлеу орындарындағы бейіт-белгілерде көне руникалық жазбалармен және араб графикасымен таңбаланған эпитафиялық мәтіндер көптеп кездеседі. Аталған мәтіндер текстологиялық жақтан жүйеленіп, зерттеле қойған жоқ. Басым көпшілігі көне шағатай тілінде жазылған тарихи маңызы бар көне мәтіндер уақыт тезіне төзе алмай, бірте-бірте көмескіленіп, жойылу үстінде.

Осы жобада Маңғыстау мәдени мәтінінің неғұрлым репрезентациялауды қажет ететін бағыттары – жыраулар шығармашылығы, сакралды мағынаның синтезіндегі эпитафиялық жазбалар мен таңбалы тастар вербалды және бейвербалды коммуникация контексіндегі символикалық белгілер – өңірдің этнобрендін, имиджін қалыптастырушы фактор, Қазақстан идеясының құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады.

Толығырақ

Зерттеудің мақсаты: Маңғыстау аймағындағы сакралды мәтіндердің концептуалды кеңістігіне (діни-мифологиялық таным, сакралды түсінік, символдық нышандар) Қазақстанның мәдени ландшафтының және жалпыадамзаттық мәдени әмбебаптық құрамдас бөлшегі ретінде мәдени-философиялық, лингвистикалық интерпретация жасап, анықтама беру.
Алынған нәтижелер:
Маңғыстау аймағының Түпқараған, Қарағия аудандары территориясында далалық ғылыми экспедиция ұйымдастырылып, осы аймақта орналасқан жерлеу орындарындағы эпитафиялық жазбалар (рулық, тайпалы таңбалар, пиктография, жазу), таңбалы тастардағы петроглифтер, руна тектес жазулар, энциклопедиялық таңбалар фото, видеоға түсірілді. Зерттеу нәтижелері туралы «Ақтау ТВ» телеарнасында хабар түсірілді. Экспедиция барысы туралы әлеуметтік желілерде хабарлама жарияланды, зерттеу нәтижелері бойынша халықаралық конференция жинағында екі мақала жарияланды;
Поэтикалық мәтіндерге (жыраулық дәстүр, эпитафиялық жазбалар, таңбалы тастар) типологиялық, құрылымдық жақтан талдау жасалды.
Мәдени кеңістікті халықтың менталды игеруінің бір формасы ретінде сакралды мәтіндердің (жыраулық дәстүр, фольклор, эпитафиялық жазбалар, таңбалы тастар) діни-мифологиялық негіздеріне реконструкция жасалды.
Жыраулар мәтініндегі діни-мифологиялық сөздер мен сөз тіркестерінің тарихи этимологиялық сипаттамасы жасалды, оның эпитафиялық жазбалар мен пиктографиялық таңбалардағы халықтық таныммен байланысы анықталды. Бұларды жүйелеп зерттеу арқылы адамзат танымындағы дүние-жаратылыс, жақсы мен жаман, адам баласының болмысы туралы сопылық танымға түсінік берлді;
Экспедиция кезінде 13 тарихи нысаннан барлығы 68 рулық-тайпалық таңба, екі түрлі «вавилон» кестесі суретке түсірілді. Ескерткіштерде кездесетін негізгі таңбалардың ең көнесі сармат тайпаларына, ал одан бергі кезеңдегілер оғыз және қазақ тайпаларына тиесілі. Зерттеу барысында 3 руналық жазба, 13 таңбалар жиынтығы (таңбалардың ауқымына қарай, олардың бесеуі ірі көлемде, сегізі шағын көлемдегі таңбалар жиынтығы), 4 көлемді петроглиф анықталды;
Маңғыстаудың сакралды кеңістігін толықтыра түсетін келесі бір киелі мәтіндерге Маңғыстау тарихына қатысты ежелгі жазба ескерткіштерді жатқызамыз. Мысалы, Ибн Хаукал, Әл-Истахри, Ибн Фадлан т.б. шығыс зерттеушілерінің жазбаларындағы Маңғыстауды мекендеген тайпалар, олардың салт-дәстүрі, қазіргі Маңғыстау жерінің географиялық сипаттамасы, көне жер-су атаулары т.б. тәрізді құнды деректерге талдау жасалды.
Осы экспедиция барысында сопылық ілімнің ұлы ұстазы Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» жинағының маңғыстаулық нұсқасы табылып, анықталды.
«Маңғыстау эпитафиялары сопылық танымға негізделген дәстүрлі мәтіндер» деген қорытынды жасалды.

Жарияланымдар тізімі

1. Ж.Ә.Аймұхамбет, Б.И. Нұрдәулетова Таңба-жазу – адамзат танымы мен тарихының құнды ақпараты «Yessenov Science Journal». № 2 (40). – 2021. 17-28 бб.
2. Нұрдәулетова Б.И., Теңелова М.С. Маңғыстау жыраулары тіліндегі араб-парсы сөздерімен жасалған авторлық фразеологизмдер «Yessenov Science Journal» № 2 (40). – 2021. 5-10 бб.
3. Төлегенұлы Б., Нұрдәулетова Б.И. Маңғыстау және Үстірт аймағындағы таңбалы тастарды зерттеу бағыттары «Yessenov Science Journal» № 2 (40). – 2021. 11-16 бб.
4. Нұрдәулетова Б. Ақын, жырау, жыршы – екі әлемді байланыстырушы медиаторлар // Dana.kz. – 2021. 34-40 б.
5. Нұрдәулетова Б.И. Қашаған жырау Күржіманұлы шығармаларының текстологиясы. // кітапта: Жыр жүйрігі – Қашаған. Алматы: Фолиант, 2021.
6. Артыкбаев Ж. Рассказ о Домбауыле из племени Кият (опыт интерпретации мифа) Nomadic civilization: historical research № 1. 2021. 9-23 б.
7. Артыкбаев Ж. Qazax və sakların şifahi ədəbiyyatında Parfiyanın hakim sülaləsi və Böyük. Çölbaki universitetinin xəbərləri. № 1, 2021. 77-89 б.
8. Моллақанағатұлы С. Маңғыстаудан табылған «Диуани хикмет» қолжазбасы. Мәдени мұра ғылыми журналы. Нұр-Сұлтан, 2021. № 2 (93).17-22 бб.
9. Құлбаев Н. Алатөбе қорымындағы эпитафия // Дана kaz. №52. 2021. 46-47 б.
10. Нұрдәулетова Б.И. Маңғыстау және маңғыттар // Мәдени мұра. № 1 (92). Нұр-Сұлтан, 2021. 56-62 б.
11. Нұрдәулетова Б.И Сакральный памятник в Мангистау: эпический цикл «Сорок богатырей Крыма» // German International Journal of Modern Science. №10. 2021. 35-38 б.
12. Артыкбаев Ж. Қаңға баба – көне өркениет орталығы // «Мәдени мұра» ғылыми журналы. «Культурное наследие» научный журналю «Cultural Heritage» science journal. №1(92). 2021. 44-55 б.
13. Нұрдәулетова Б.И. Ұлттық танымдағы «жан» субстанциясы // «Yessenov Science Journal». №1 (39). 2021. 34-38 б.
14. Нұрдәулетова Б.И Жыраулар поэтикасындағы материалдық мәдени лексика ұлттық идеяның символы ретінде // «Yessenov Science Journal». № 1 (39). 2021. 5-9 б.