11 мамыр күні «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты – Студенттерге «Ұлтыңды сақтаймын десең – қызыңды тәрбиеле, рухыңды сақтаймын десең – ұлыңды тәрбиеле» ұстанымының мәнін түсіндіру. Отбасылық құндылықтарды құрметтеуге, өмірге жауапкершілікпен қарауға ықпал ету.
Жиынға облыстық орталық мешітінің бас имамы С.С. Сейітбеков, университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімінің проректоры Г.Ө. Джолдасбаева, теолог маман Қ. Қамбарұлы мырза, факультет деканы Б.Ә. Көшімова, «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушылары, магистранттар, студенттер қатысып, ұлт болашағы, отбасы тәрбиесіне орай өз пікірлерін білдірді.
«Бекет ата» мешітінің бас имамы С.С. Сейітбеков өз кезегінде сөз алып, ұрпақ тәрбиесінің түп тамыры имандылықта екенін жан-жақты баяндап, ортаға ой тастады.
Шара барысында студенттер мен магитранттар сөз алып, сұрақ қойып, өз ойларын, ұсыныстарын және тілектерін ортаға салды.