Ревшан Мейірбек Жарасбайұлы

Ревшан Мейірбек Жарасбайұлы-ар-намыс сақшысы тобының капитаны

«Кімнің қолы таза, оның ары да таза»

Қазіргі таңдағы мәселелердің бірі — қоғамдағы сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Егер әрбір Қазақстандық азамат пара бермейтін немесе алмайтын болса, еліміздің болашағы жарқын болатынына күмәнім жоқ. «Кімнің қолы таза, оның ары да таза» деген ұранды жадымызда сақтасақ, келер ұрпаққа береріміз көп боларына сенімдімін. Ары таза адамның ұрпағы да таза боларына шүбәм жоқ.

Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын.«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік дамыған мемелекеттердің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз.