2023-2025 жж.
249 929 572 теңге
Еңбек нарығын форсайт-болжау әдісін қолдана отырып, мамандарды озық даярлаудың теориялық-әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік негіздерін зерттеу, жаңа кәсіптерге қажеттіліктерді картаға түсіру, білім беру бағдарламаларын әзірлеу және еңбек нарығын озық кадрлық қамтамасыз етудің өңірлік стандарттарын енгізуді ұйымдастырушылық-әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету.
- жаңа кәсіптердің өңірлік атластары әзірленетін болады; - өңір үшін өзекті мамандықтардың тізбесі қалыптастырылады және олар бойынша қажеттіліктер айқындалады; - кәсіптер мен кәсіптік стандарттар тізілімін өзектендіру бойынша ұсыныстар берілетін болады; - өңірдің қажеттіліктеріне сәйкес келетін және жаңа кәсіптер бойынша кадрлар даярлау үшін еңбек нарығының жаңа сын-тегеуріндері мен талаптары үшін мамандарды даярлауды қамтамасыз ететін жаңа кәсіптер атласының ұсынымдарын жаңарту және/немесе жаңа, инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізу арқылы іске асыруға бағытталған жоғары оқу орындарының карталары әзірленетін болады; - жаңа кәсіптер бойынша кадрлар даярлау үшін қолданыстағы және/немесе жаңа және/немесе инновациялық білім беру бағдарламалары әзірленетін болады.