ҚР Конституциясы күніне орай мерекелік жиын

29 тамыз күні Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Yessenov University-де мерекелік жиын өтіп, Конституцияның қадір-қасиеті, мазмұны жайында мәліметтер айтылды.

Шарада білім ордасының дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан бір топ қызметкерге медальдар, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табысталды.